Өзбекстанда шағын АЭС салу үшін 1 млрд доллар қаржы қажет

Өзбекстандағы шағын қуатты атом электр станциясының (АЭС) құны 1 млрд доллардан төмен болады. Бұл туралы Әбдіжәміл Калмұратов мәлімдеді.
Оның сөзінше, жоба мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
«Иә, бұл – мемлекеттік бюджет. Бұл нысанды мемлекет өзі салып жатыр, яғни жоба толықтай өзбекстандық. Қаржыландыру көзі – біздің бюджет. Атом жобасы ұлттық болуы тиіс», – деді Қалмұратов.
АЭС жобасының нақты құны келісімшартқа қол қойылғаннан кейін белгілі болады. Қалмұратов шағын АЭС реакторларының санын алтыдан екіге азайту жобаның жалпы құнын үш есе төмендетпейтінін атап өтті.
«Мұнда жай ғана үшке бөлуге болмайды. Шамамен бұрынғы соманың жартысынан сәл көбірек болады. Бірақ [үлкен АЭС-пен] біріктіру есебінен жалпы құны қайта азаяды», – деп түсіндірді ол.
Айта кетсек, биыл наурыз айында «Узатома» агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев алты РИТМ-200Н реакторынан тұратын шағын АЭС-тің құны «2 млрд доллардан аз» болатынын мәлімдеген еді. Бірақ ол нақты соманы атамады, себебі агенттік жобадағы әрбір бөлшектің құнын қайта есептеп отырғанын түсіндірді.
Жалпы Өзбекстанда екі АЭС салынуы керек. Оның екеуінің де құрылысымен ресейліктер айналысады.