Банк пен қаржы

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 538 теңгеден төмен түсті

доллар мен теңге
Фото: shutterstock

Қазақстан қор биржасында (KASE) 10 қазанда таңертеңгі валюта саудасы барысында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 538 теңгеден төмен түсті.

Жұма күні сағат 12.30-дағы мәлімет бойынша, KASE-де доллар бағамы 537,95 теңге болды. Осылайша ұлттық валюта бір тәулікте шамамен 3,5 теңгеге нығайды. Бейсенбі күні қордағы валюта саудасы 541,50 теңгемен жабылған еді.

Теңгенің нығаюына Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтеруі әсер етті.

Бұған қоса, KASE-де түске дейін шамамен 200 млн доллардың валюта саудасы жасалды. Бұл әдеттегі сауда көрсеткішінен жоғары.

Валюта айыртастау мекемелерінде де доллар арзандап жатыр. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында бір доллар 538 теңгеден қабылданып, 541 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, баға айтарлықтай жоғары: 537 және 541 теңге.