
Енді қазақстандықтар үй алу үшін кезекке тұруды үйден шықпай-ақ, кез келген уақытта жасай алады. Отбасы банкі өтінім беруге арналған тәулік бойы жұмыс істейтін онлайн-сервисті іске қосты. Енді өтінімді orken.otbasybank.kz порталы арқылы рәсімдеуге болады. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүйе тәулік бойы жұмыс істейді, бастысы – мемлекеттік дерекқорлар ашық болуы керек. Яғни өтінімді түнгі сағат 3-те де еркін беруге болады
Өтінімді кімдер бере алады
- 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары;
- Соңғы 5 жылда өз атында баспанасы болмағандар;
- Астана, Алматы немесе Шымкент қалаларында кемінде 3 жыл тіркеуде тұрғандар.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен 29 жасқа дейінгі жастар үшін тіркеу талап етілмейді, олар үшін бұл бөлек жеңілдік санаты.
Қалай алуға болады
- жеңілдетілген тұрғын үй несиесі;
- немесе жалдамалы пәтер.
Өтініш беру үшін ЭЦҚ және мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі қажет. Қағаз түріндегі құжаттар талап етілмейді, барлық мәліметтер жүйе арқылы автоматты түрде тексеріледі. Өтініш жіберілген соң 1414 нөмірінен SMS және жеке кабинетке хабарлама келеді.
Бұған деін «Отбасы банк» үй кезегі неге артқа жылжып кете беретінін түсіндірген болатын.