
Жыл басынан бері 9 айда елде 6 мыңнан астам есірткіге қатысты қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. О ның ішінде шамамен 3 мың қылмыс тіркелсе, оның 1 700-і есірткі сату фактісі деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалпы құзырлы органдар 26 тонна есірткі тәркілеген, оның ішінде бір тоннадан астамы – синтетикалық заттар. Ол 11 миллионнан астам бір реттік дозаға тең.
«Мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 16 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, оның бесеуі трансұлттық сипаттағы топқа жатады. Осы топтардың басшылары мен белсенді қатысушылары ұсталып, 950 келіден астам есірткі тәркіленді. 12 синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың және 93 каннабис өсірілетін фитозертхананың қызметі тоқтатылды. Есірткі өндіруге пайдаланылған 23 тоннадан астам химиялық заттар мен 17 тонна прекурсор тәркіленді», – деп хабарлайды құзырлы органдар.
«Бұдан бөлек, есірткі жарнамасына қатысты 170 қылмыстық іс қозғалып, күмәнді операцияларға қатысы бар 45 мыңнан астам банк шоты бұғатталды.