
11 қазанда Павлодар облысында қар жауды. Енді өңірдегі боран мен көктайғаққа байланысты жол жабылуы мүмкін деп ескертеді облыстық полиция.
«Ауа райының қолайсыздығына, жаңбыр аралас қардың жаууына және көктайғақтың түзілуіне байланысты облыс жолдарында көлік қозғалысының жабылуы мүмкін», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Полиция жүргізушілерге жолға алдын ала дайындалуға, жылдамдықты төмендетуге және қашықтықты сақтауға кеңес береді. Ауыл тұрғындарына ауа райы қолайсыз кезде алысқа жаяу шықпауға кеңес берілді.
Сондай-ақ SMS-хабарламалар мен төтенше жағдай қызметтерінің ескертулерін бақылап отыру ұсынылады. Қажет болған жағдайда 112 және 102 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
.