Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша конкурс аяқталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: ЖИ-мен жасалған

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша конкурс аяқталды. Бұл конкурсқа 27 000-нан астам адам қатысты деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттіктен.

Байқау 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған.

Екі апта ішінде – 10 қазан, сағат 23:59-ға дейін қазақстандықтар 27 мыңнан астам ұсыныс жолдады.

«Мұндай жоғары белсенділік азаматтардың атом энергетикасын дамытуға деген зор қызығушылығын және ел үшін маңызды жобаға жеке үлес қосуға дайын екенін көрсетеді», – деп хабарлайды агенттіктен.

Енді ұсыныстарды өңдеу процесі басталды. Алғашқы кезеңде мамандар барлық нұсқаларды талдап, жүйелеу жұмыстарын жүргізеді және жиынтық есеп дайындайды. Кейін материалдар Конкурс комиссиясының мүшелері тарапынан қаралады. Қорытынды кезеңде қазан айының соңында, комиссия отырысы өткізіліп, алғашқы АЭС-ке үздік атау таңдалады.

Ескерте кетейік, атауға республикалық конкурс жариялағанымен, конкурс жеңімпаздарына ақшалай немесе материалдық сыйлық қарастырылмаған. Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бұл жерде ең басты марапат – авторлық мәртебе мен тарихи жобаның бір бөлігіне айналу.

Сондай-ақ оқыңыз