Ресей «Союз-5» зымыранын ұшыру үшін сынақ өткізіп жатыр
Жарияланды
(жаңартылды )

10 қазанда Ресейдің Пересвет қаласындағы Зымыран-ғарыш өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу және сынақ орталығында «Союз-5» зымыранының бірінші сатысына жерүсті от сынағы өткізілді. Бұл туралы Роскосмос хабарлады.
Сынақ кезінде 800 тонна тарту күшіне ие РД-171МВ қозғалтқыш қолданылады. Ол керосин және сұйық оттекпен жұмыс істейді. Сынақ ұзақтығы 160 секундқа созылған.
Сынақ барысында борттық жүйелердің өзара жұмысы тексерілді.
«Бұл саты – болашақта жасалатын аса ауыр класты зымыранның бірінші сатысы. Бүгінгі сынақтар «Союз-5» зымыранын биылғы жылдың соңында Байқоңырдан ұшыруға жол ашты», – деп жазылған Роскосмос хабарламасында.
«Союз-5» зымыранын Ресейдің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2025 жылы ұшыруды жоспарлап отыр.