Трамп Қытай тауарларына 100% баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қарашадан бастап, «тіпті, мүмкін, одан да ертерек» Қытайдан әкелінетін тауарларға қосымша 100 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«1 қарашадан бастап, не Қытайдың іс-қимылына байланысты одан да ертерек АҚШ бұрынғы баждарға қосымша 100 пайыздық жаңа салық енгізеді. Сонымен қатар 1 қарашадан бастап біз өмірлік маңызы бар кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуге экспорттық бақылау шараларын енгіземіз», – деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамптың айтуынша, бұл шешім Қытайдың 1 қарашадан бастап елде өндірілетін өнімдердің басым бөлігіне экспорттық шектеулер енгізетіні туралы мәлімдемесіне байланысты қабылданған.

«Бұл барлық елдерге әсер етеді және Қытай бұл жоспарды бірнеше жыл бойы дайындаған сияқты», -деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Қытай АҚШ аумағында мәмілелер жасауға қойылған шектеулерді алып тастау үшін америкалық экономикаға 1 триллион доллар көлемінде инвестиция салуды ұсынған еді.  Бейжің АҚШ-та жұмыс істеп тұрған қытайлық зауыттарға шикізаттарды импорттау кезіндегі баж салығын төмендетуді де талап еткен.

Сондай-ақ оқыңыз