
АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қарашадан бастап, «тіпті, мүмкін, одан да ертерек» Қытайдан әкелінетін тауарларға қосымша 100 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«1 қарашадан бастап, не Қытайдың іс-қимылына байланысты одан да ертерек АҚШ бұрынғы баждарға қосымша 100 пайыздық жаңа салық енгізеді. Сонымен қатар 1 қарашадан бастап біз өмірлік маңызы бар кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуге экспорттық бақылау шараларын енгіземіз», – деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
Трамптың айтуынша, бұл шешім Қытайдың 1 қарашадан бастап елде өндірілетін өнімдердің басым бөлігіне экспорттық шектеулер енгізетіні туралы мәлімдемесіне байланысты қабылданған.
«Бұл барлық елдерге әсер етеді және Қытай бұл жоспарды бірнеше жыл бойы дайындаған сияқты», -деді АҚШ президенті.
Бұған дейін Қытай АҚШ аумағында мәмілелер жасауға қойылған шектеулерді алып тастау үшін америкалық экономикаға 1 триллион доллар көлемінде инвестиция салуды ұсынған еді. Бейжің АҚШ-та жұмыс істеп тұрған қытайлық зауыттарға шикізаттарды импорттау кезіндегі баж салығын төмендетуді де талап еткен.