
АҚШ президенті Дональд Трамптың немересі Кай Мэдисон Трамп, әлеуметтік желіде атасымен бірге гольф ойнаған видеосын жариялады. Ерекше назар аудартқаны – роликте қазақстандық рэпер Скриптониттің «Не расслабляйся» трегі ойнап тұр.
Кай жариялаған видеода атақты атасымен гольф алаңында алма-кезек ұзақ соққылар жасағаны бейнеленген.
Ал видео соңында Кай мен Дональд Трамп гольф көлігіне мініп, атасы рөлге отырып кетіп барады. Роликтің толық нұсқасы YouTube-та жариялануы мүмкін. Себебі Кай жазбасында:
«Атам Дональд Трамппен бірге. Видео сенбі күні, шығыс уақытымен 12:00-де YouTube-та шығады», – деп жазған.
18 жастағы Кай Трамп – танымал блогер, YouTube-та алтын және күміс батырмалардың иегері әрі кәсіби гольф ойыншысы. Желі қолданушылары, әсіресе Скриптониттің жанкүйерлері, оның музыкалық талғамына жоғары баға беріп жатыр.