Түркістанда әкімдер заңсыз жер таратумен айналысқан

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Назарбаевтың жері тағы да өтпей қалды
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Түркістан облысында әкімдер заңсыз жер таратумен айналысқан. Соңғы үш жыл ішінде шенеуніктер 190 жер учаскесін заңсыз табыстаған деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарған.

«Онымен қоса, 400 гектар жердің (150 жер учаскесі) нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған», – деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Құзырлы органдар мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерін жауапкершілікке тартпақ.

Ал заңсыз алған жер учаскелерін елде онлайн платформа арқылы бөлетін болды. Ауыл шаруашылық министрлігі 30 қыркүйекте осылай бекітті.

АШМ мәліметінше, 2022 жылдан бері Қазақстанда пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықтармен алынған 13,7 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сондай-ақ оқыңыз