Тұрсынғали Алагөзов «Қайрат» клубына екі микроавтобус сыйлады

Кәсіпкер Түрсен Алагөзов «Қайрат» футбол клубына екі жаңа шағын автобус сыйлады. Бұл туралы продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасында хабарлады.
«Жігіттер, барлығыңызға үлкен рақмет айтқым келеді. Футбол – бір адамның емес, командалық ойын. Сіздер үлкен жұмыс атқардыңыздар. Сондықтан мен, Maxi Чай компаниясының басшысы ретінде, сіздерге екі автобус сыйлағым келеді. Жолдарыңыз болсын, мықты командамыз «Қайрат» жүлделі орындардан көріне берсін», – деді Алагөзов.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер егер «Қайрат» «Реал Мадридті» жеңсе, әр футболшыға шетелдік көлік сыйлайтынын айтқан еді. Матч сенсациямен аяқталмаса да, бизнесмен уәдесін іспен дәлелдеп, клубқа қолдау көрсетуді жөн көрді.
Ал көктемде GALANZ bottlers компаниясының негізін қалаушы 100 қызметкеріне 100 пәтер сыйлап, көпшілікті таңғалдырған еді.