Қостанайдан Астанаға бет алған ұшақтың дөңгелегі өртеніп кетті

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Qazaq Air
Фото: shutterstock

Авиакомпания Vietjet Qazaqstan (бұрынғы Qazaq Air) Қостанай – Астана бағытындағы рейс кезінде ұшақ шассиінен шыққан түтінге байланысты орын алған оқиғаға түсініктеме берді.

Компанияның хабарлауынша, 2025 жылғы 11 қазанда IQ368 рейсі Қостанай әуежайында ұшуға дайындық кезінде техникалық ақау анықталған. Осыған байланысты ұшақтың ұшуы тоқтатылып, әуе кемесі перронға өз күшімен қайта оралған. Кейін жолаушылар терминалға жеткізілді.

Авиакомпания өкілдері мәлім еткендей, барлық жолаушыға қажетті қолдау көрсетілді, қонақүйге орналастыру, билет құнын толық қайтару немесе басқа рейстерге ауыстыру мүмкіндігі ұсынылды.

Алайда, URA.RU агенттігінің мәліметінше, сол күні Астана бағытына бос рейстер болмаған, сондықтан Вьетнам мен Қытайға транзитпен ұшатын жолаушылар билеттерін өз қаражаты есебінен Алматы арқылы сатып алуға мәжбүр болған.

«Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі авиакомпанияның абсолютті басымдығы. Барлық әрекет халықаралық авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сай атқарылды», — деп атап өтті Vietjet Qazaqstan өкілдері.

Қазір техникалық сарапшылар тобы Қостанай әуежайында тексеріс жүргізіп, ақаудың нақты себебін анықтау және оны жою жұмыстарын бастап кетті.

Сонымен қатар, Көлік министрлігі оқиғаны Көліктегі оқыс жағдайлар мен инциденттерді тергеу департаменті арнайы тексеретінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз