Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі Фелипені құттықтады

Тоқаев Испания Королі Фелипені құттықтады / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі Фелипе VI мен Испания халқын Ұлт күнімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Қазақстан мен Испания арасындағы достық, өзара түсіністік және сенімге негізделген тұрақты қарым-қатынастардың дамып келе жатқанын атап өтті.

Ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Испания арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін табысты дами беретініне сенімдімін, — делінген Президенттің жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Фелипе VI-ға қызметінде зор табыс, ал Испания халқына бақыт, береке және өркендеу тіледі.