
Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өткен беделді ITF Juniors J300 турнирінде қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жеңіске жетіп, жекелей сында жетінші титулын иеленді.
Финалда Нұрланұлы Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченді 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты. Бұл жеңіс Заңғардың соңғы айларда көрсетіп жүрген жоғары нәтижелерінің жалғасы болды. Заңғар қатарынан екінші титулын жеңіп алып, 11-матчтық жеңіс сериясын жалғастырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Уханьда өтіп жатқан турнирде Арина Соболенко қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны ұтып, әлемдік рекордтты қайталыды.