
Әркімнің сериалға қатысты талғамы әртүрлі. Біреу Сүлеймен сұлтан туралы мың шақты сериядан тұратын туындыны күн демей, түн демей көруге бар. Енді бірінің шыдамы бірнеше серияға ғана жетеді. Болмаса, ұзақтығы 15-20 минуттық түрлерін көргенді құп көретіндер бар. Осы ретте оңтүстіккореялық мини-дорамалар топтамасын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Всплеск любви (Pongdangpongdang love)
Жанры: фэнтези, мелодрама
Шыққан жылы: 2015
Режиссері: Ким Джи-хён
Сценариін жазған: Ким Джи-хён
Актерлер: Ким Сыл-ги, Иун Ду-жун, Чин Ги-жу, Ли Дэ-ион, Ан Хио-соп, Чон Гу-су, Ко Гу-пхил
Ұзақтығы: 60 минуттан 2 серия
Сюжеті. Мектеп бітіретін жасқа келген Тан-би жаратылыстану-математика сияқты бағытқа нашар болады. Содан емтихан тапсырсам құлап қаламын деп қорқып жүреді. Сынақ тапсырудан қашып кеткен ол батпақтан секірмек болып жатқанда ойламаған жерден Чосон дәуірінен бір-ақ шығады. Сол жақта Ли До деген жас патшамен кездесіп қалады. Өзі болашақтан келгендіктен Тан-би көп нәрсені жақсы біледі. Соның арқасында патшалықтың мәселелерін шемішкіше шағып, шешуге көмектеседі. Ең қызығы ол әлгі патшаға ғашық болып қалады.
Листмейстер (Peiji teoneo)
Жанры: драма
Шыққан жылы: 2016
Режиссері: Ли Джэ-хун
Сценариін жазған: Пак Хе-рён
Актерлер: Чи Су, Ким Со-хион, Щин Жэ-ха, Е Жи-вон, Хван Ион-хи, Кан Хан-сэм, Ким Су-о, О Гван-нок, Лим Хо, Ан Жэ-мо
Ұзақтығы: 60 минуттан 3 серия
Сюжеті. Басты рөлде өнер мектебінде оқитын, талантты пианист Ю-сыл деген студент қыз. Оның болашағынан ұстаздары да, өте қатаң тәртіппен өсірген анасы да көп үміт күтеді. Бір қайғылы оқиға болып, кейіпкердің көзі көрмей қалады. Осылайша өнер жолында жетістікке жетемін деген арманының күл-талқаны шығады. Бірақ Чха-шик есімде жігітпен дос болып, ол оған күш алуға, ес жиюға қол ұшын береді.
Королева кольца (Banjiui yeowang)
Жанры: фэнтези, мелодрама
Шыққан жылы: 2017
Режиссері: Квон Сон-чхан
Сценариін жазған: Ким А-жон
Актерлер: Ким Сыл-ги, Ан Хё-соп, Юн Со-хи, Хван Жон-мин, Чон Но-мин, Ли Тхэ-сон, Чхве Тхэ-хван, Ким Мин-ион, Чо Су-хян, Ким Со-хе
Ұзақтығы: 60 минуттан 3 серия
Сюжеті. Оңтүстік Кореяда сұлулық стандарты өте жоғары екені белгілі. Ал Нан-хи ондай сұлу емес-тін. Бас кейіпкер қызға онша жігіт қарамайды. Соның кесірінен айналасындағылар да жиі мазақ қылады. Сөйтіп жүргенде күндердің күні оған университеттегі ең танымал, тек хас сұлу қыздармен жүретін Пак Се-гун ғашық болып қалады. Екі арада сезімнің пайда болуына кейіпкердің қолындағы сиқырлы жүзік себеп болады.
Высококачественная любовь (Gopumgyeok jjaksarang)
Жанры: драма, мелодрама
Шыққан жылы: 2015
Режиссері: Чи Ён-су
Сценариін жазған: Щин Ю-дам
Актерлер: Чон Ир-у, Чин Сэ-ён, Юн Бо-ра, Ли Щи-он, Чон Сан-хун, Мун Сэ-юн, Чон Гён-хо, Ким Со-ён, Пак Хён-у, Ким Жи-хун
Ұзақтығы: 15 минуттан 20 серия
Сюжеті. Се-хун продюсерлік агенттікті басқарады. Өз саласында жетістікке жеткен маман. Үнемі бірінші болғысы келетін, саяқ жүретін, тәкаппарлау жігіт. Бір күні ол ұяң, бірақ өте талантты И-рен деген қызбен танысып қалады. Ол шоу-бизнес әлемін бағындырсам деп мүлдем ойламайтын. Бірақ оның қабілетін байқаған продюсер қалайда келісімшартқа қол қойып, жоба жасағысы келеді.
Семь первых поцелуев (Cheotkiseuman ilgobbeonjjae)
Жанры: мелодрама, комедия, фэнтези
Шыққан жылы: 2016—2017
Режиссері: Чон Жон-хва
Сценариін жазған: Чхве Су-ион
Актерлер: Ли Чхо-хи, Ли Жун-ги, Пак Хэ-жин, Чи Чхан-ук, Кай, Ок Тхэгён, Ли Жон-сок, Ли Мин-хо, Чхве Ж-у, Ким Жэ-ман
Ұзақтығы: 15 минуттан 8 серия
Сюжеті. Бас кейіпкер Су-жин табиғатынан өте ұялшақ әрі тұйық. Өзі дүкенде істейді. Бір күні сәттілік серігі болып, өмірі табанасты оң жаққа өзгеріп сала береді. Сиқыршы Су-жинге жеті жігіттің ішінен біреуін таңдап ал деп мүмкіндік береді.
Анна (Anna)
Жанры: драма, триллер
Шыққан жылы: 2022
Режиссері: Ли Жу-ион
Сценариін жазған: Ли Жу-ион
Актерлер: Пэ Су-жи, Чон Ын-чхэ, Ким Жун-хан, Пак Е-ион, Ким Жон-ион, Пак Щин-ун, Ким Ион-а, Ким Ги-чхон, Пол Бэттл, Ли Ион-сук
Ұзақтығы: 60 минуттан 6 серия
Сюжеті. Ли Ю-ми бақуатты отбасыдан шыққан қыз. Бірақ өткен өмірі туралы жақ ашпайды. Себебі кезінде кедейліктің қамытынан шығу үшін ол бай бастығы Анна Лидің атын жамылады. Соның атымен жаңа өмір бастайды. Мұғалім болады, бай бизнесменге тұрмысқа шығады. Сөйтіп ақсүйектердің қатарына қосылады. Сөйтіп жүргенде бір күні экс-бастығы Анна, күйеуі, бұрынғы Ли Ю-миді танитындар әшкерелей бастайды.
Экс Экс (XX)
Жанры: мелодрама
Шыққан жылы: 2020
Режиссері: Ким Жун-мо
Сценариін жазған: Ли Сыл
Актерлер: Ан Хи-ион, Хван Сын-он, Пэ Ин-хиок, Ли Жон-вон, Стив Но, Ким Жун-гион, Щин Жэ-хви, На Ын-сэм, Чхве Жон-у, Пак Чон-у
Ұзақтығы: 25 минуттан 10 серия
Сюжеті. На-на XX деген барда жұмыс істейді. Бар назары жұмыста, бүкіл ойы көп ақша тауып, сол барды қазіргі иесінен сатып алып, ілгерілеткісі келеді. Сол мақсатына тырмысып жүргенде бір күні әлгі жердің басшылығына Ру-ми есімде жаңа қыз келеді. Ал ол қызбен На-на бұрын жақын құрбы болған. Бас кейіпкердің жоспары осылайша бұзылудың аз-ақ алдында тұрады.
Семидневный роман (7ilman romaenseu)
Жанры: мелодрама, музыка
Шыққан жылы: 2019—2020
Режиссері: Кан Дон-хи
Сценариін жазған: Чон А-ра
Актерлер: Со Жи-су, Щин Жун-соп, Пак Кон-ил, Пак Со-ион, Ли Жу-жин, Пэ У-хи
Ұзақтығы: 13 минуттан 20 серия
Сюжеті. Кафеде істейтін Да-ын мен әйгілі әнші Ким биелдің түрі егіз сияқты ұқсайды. Бірде қатты күйзеліске ұшыраған кезде әлгі әнші қыз Да-ынға бір аптаға екеуміз орын ауыстырайық деп ұсыныс жасайды. Реалити-шоуға түсуі керек болады. Содан қарапайым қыз аяқ-асты кей-поп әлеміне топ етіп түсе қалады. Ал ол жер сырттай жылтырағы мол керемет болып көрінгенімен, ішінде жүргендерге тіптен оңай емес. Ал бес жылдан астам уақыттан бері сондай қысымы мол жерде жүрген Ким Биел тып-тыныш, камера жоқ жерде рахатына өмір сүреді.
У меня есть цель (Mokpyoga seanggyeotta)
Жанры: драма
Шыққан жылы: 2021
Режиссері: Щим Со-ион
Сценариін жазған: Рю Сор-а
Актерлер: Ким Хван-хи, Рю Су-ион, Ким До-хун, Ли Щи-у, Ким И-гион, Пак Сын-тхэ, Ли Ион-жин, Ли Жин-хи. Ким Сон-гон, Ким Ион-сон
Ұзақтығы: 60 минуттан 4 серия
Сюжеті. Ли Со-хион есімді бойжеткен өзін жолы болмаған, байғұс сезінеді. Себебі бала кезінде алқаш анасының кесірінен жетімдер үйінде өсті, әкесі тіпті есінде де жоқ. Содан әбден тағдырынан көңілі қалған Ли Со-хион оқудан шығып, бұзақыға айналады. Кішігірім қылмыспен айналысып күнкөріске ақша тауып жүреді. Ол басындағы бүкіл бәлеге әкесі кінәлі деп есептейді. Содан кек алмақ болып, мақсат қояды.
Икс, который меня не любит (Nareul saranghaji anneun Xege)
Жанры: мелодрама, комедия, фэнтези
Шыққан жылы: 2022
Режиссері: Ко Жэ-хон
Сценариін жазған: Ко Жэ-хон, Ван Хе-жи
Актерлер: Хан Жи-хио, Ким Дон-ион, Квон А-рым, Пан Жэ-мин, Сон Хион-у, Ким Жи-хун, Чхве Со-юл, Пак Сын-тхэ, Ли Жу-вон
Ұзақтығы: 20 минуттан 10 серия
Сюжеті. Со Хи-су есімді ұяңдау келген студент қыз ән жазып, автор болғысы келеді. Сөйтіп бір күні ол қараған адамды өзіне ғашық қылуға көмектесетін сиқырлы қойындәптер тауып алады. Бірақ бір кемшілігі сол — ғашықтық сезім бар болғаны бір айға созылады. Осылайша сиқыршы болып жүріп Хи-су бірнеше жігітпен жүріп, қарым-қатынасты шиеленістіріп алады. Ал жұбының ішінде ең жақын досы Чон Си-хо да бар.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2025 жылы шыққан үздік дорамаларға шолу жасаған едік.