Бишімбаевтың ата-анасы тағы бір туысымен соттасқалы жатыр

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысы Бекзат Кемеловамен соттасқалы жатыр. Ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі растады.
Бекзат Кемеловаға қатысты іс қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа түскен.
Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2025 жылдың 13 қазанында басталуы керек болған. Алайда соттың баспасөз қызметіне белгісіз себепке байланысты процесс кейінге қалды. Соттың қай күні басталатыны әлі белгісіз.
Қайрат Кемеловтің мәлімдемесі
Айта кетейік, бұған дейін отбасының туысы Қайрат Кемелов 2025 жылдың 14 қаңтарында Airan YouTube каналында «Сол күні өзара әңгіме болды, олар мәйітханаға баруымды, менің әріптестерімнің, яғни сот-медицина сарапшыларының Қуандық Бишімбаевтың пайдасына қорытынды шығаруын сұрады», «иә, олар бұрмалайтындар үшін қомақты сома беруге дайын болды» деген мәлімдеме жасаған. Содан кейін Бишімбаевтың ата-анасы Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Нұрлыбекова сотқа жүгініп, Кемеловтің бұл мәлімдемесін ар-намыс, қадір-қасиетіне нұқсан келтіру деп тануды сұраған.
Сот шешімімен Уәлихан Бишімбаевтың пайдасына моральдық шығын ретінде 100 мың теңге, Альмира Нұрлыбекованың пайдасына 100 мың теңге өндірілді.
990 мың доллар дауы
Бұған дейін адвокат Ерлан Ғазымжанов отбасының туысы Бекзат Кемелова Альмира Нұрлыбековадан алаяқтық жолмен 990 мың доллар алғаны туралы айтты.
Нұрлыбекованың сөзінше, сот процесі кезінде оның алыс туысы Кемелова «Антикор Бишімбаев отбасына қатысты тергеу бастауы мүмкін, сондықтан олардың үйінде тінту жүргізеді» деген. Осылайша Нұрлыбекованы қымбат мүлкін уақытша соларға тапсыруына болады деп сендірген.