Қытай компаниясы Қазақстандағы ірі алтын кен орнын сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: RG Gold

Қытай компаниясы Қазақстандағы ірі алтын кен орнын сатып алды. Миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі «Верный Капитал» тобы RG Gold кәсіпорнын қытайдың Zijin Mining Group компаниясына сатты.

Бұл қытайлық компания әлемдік тау-кен алыбы Zijin Mining Group Co. Ltd. құрамына кіреді.

Мәміленің нақты сомасы жария етілмегенімен, Bloomberg агенттігі бұған дейін оны шамамен 1,2 млрд доллар деп бағалаған.

Zijin Mining Group — қазіргі таңда нарықтық капитализациясы 100 млрд доллардан асқан, әлемдегі үшінші ірі тау-кен өндіруші компания.

Биыл қыркүйекте Гонконг қор биржасында өткен IPO нәтижесінде 3,2 млрд доллар тартып, оның бір бөлігін Қазақстандағы осы активті сатып алуға бағыттаған.

RG Gold — Ақмола облысында орналасқан Қазақстандағы ең ірі алтын өндіруші кәсіпорындардың бірі. Алдын ала дере бойынша, бұл кеніштің JORC стандартына сәйкес қоры 208 миллион тоннаны құрайды.

«Верный Капитал» RG Gold компаниясын сату туралы келісімге 30 маусымда қол қойған.

Сондай-ақ оқыңыз