Қазақстанда жыл басынан бері 139 бала өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 139 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Бұл туралы ҚазТАГ-қа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтып берген.
“Тоғыз айда 432 кәмелетке толмағандар өз-өзіне қол жұмсады, олардың 139-ы қайтыс болды. 293-і әрекет жасаған», – деді Әділов.
Себептері
Министрлік кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің себептерін талдап, бастысы – отбасы ішіндегі жанжал деген қорытындыға келген. Сонымен қатар, балалардың 62%-ы материалдық жағдайы жақсы отбасылардан шыққан.
«Біз талдаған бірнеше себептер – мейірімнің болмауы. Тіпті ата-аналардың ұялы телефондарды ұзақ уақыт қолдануға тыйым салуы да себеп болуы мүмкін. Егер жалпы динамика туралы айтатын болсақ, өкінішке орай, суицидтің шамалы өсуі байқалады деп айтамыз», – деп атап өтті Әділов.
Оның айтуынша, ІІМ білім министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын қамтамасыз ету шеңберінде балалар арасында суицидтің көбеюіне қатысты, мәселені қатаң қадағалау туралы ұсыныс енгізген.
Айта кетейік, осыған дейін жасөспірімдерге Chat-GPT қолдануға тыйым салынатыны туралы жазған едік.