Home Credit Bank атауын өзгертуге дайындалып жатыр

Жарияланды 13 Қазан 2025 22:17

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Святослав Антонов

Святослав Антонов

Home Credit Bank атауын өзгертуге дайындалып жатыр / Фото: Kursiv.Media, Дина Карамчакова

3 қарашада Home CREDIT BANK акционерлері жалпы жиналыс өткізеді. Күн тәртібінде –Директорлар кеңесінің құрамы мен банк атауын өзгерту туралы мәселе тұр.

Home Credit Bank AIX биржасында Банктің Директорлар кеңесі 3 қарашада акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізетінін жариялады. Акция иелері директорлар кеңесін өзгерту, сондай-ақ, банктің атауы мен қайта тіркелуі туралы мәселелерді қарайды.

«Курсив» Home CREDIT Bank баспасөз қызметінен оның атауын өзгерту немен байланысты екенін сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында ForteBank Home Credit Bank акцияларының 26,8% сатып алғанын хабарлады. Бұған дейін ҚНРДА Болат Өтемұратов пен ForteBank-тің Home CREDIT Bank-тің ірі акционерлері болуын мақұлдаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз