
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың бауырының қызы Ләззат Нұрғожаеваға ұсыныс жасағаннан кейін басы дауға қалған Афтандил Сабырбековке Қырғызстан соты үкім шығарды.
Үкім не үшін шығарылды?
Бішкек қалалық Первомай аудандық сотының шешіміне сәйкес Сабырбеков қаруды заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 2,5 жылға сотталды. Алайда тергеу изоляторында жатқан күндері есептелгеннен кейін сот залынан босатылды. Оның ағасы Тариэль Сабырбеков тергеуге кедергі жасағаны үшін 2 жылға сотталғанымен, ол да изоляторда отырған күндері есебінен бостандыққа шықты.
Қырғыз президентіне қандай қатысы бар?
Айта кетейік, 2024 жылы жазда Афтандил Сабырбеков Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың туысы Ләззат Нұрғожаеваға үйленуге ұсыныс жасаған. Оқиға дауға ұласты. Себебі жастар ұсыныс жасайтын алаңға тікұшақпен келген. Президенттің өзі осы жағдай үшін жастардың атынан кешірім сұраған. Қалыңдық бастапқы да келісім берігенімен, кейіннен басқа азаматқа тұрмысқа шыққан.