Сенің «позорыңды» әртіс шығарады – Болат Атабаев жайлы фильм жарық көрді

Жарияланды 13 Қазан 2025 20:04

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Сенің «позорыңды» әртіс шығарады – Болат Атабаев жайлы фильм жарық көрді / Фильмнен скриншот

Журналист Қанат Тілеухан режиссер Болат Атабаев жайлы деректі фильмді жарыққа шығарды. Фильмде Атабаевтың туыстары, достары, шәкірттері мен оның шапағатын көрген қарапайым адамдар естеліктерімен бөлісті.

Фильмді Қанат Тілеуханның Youtube арнасынан көруге болады. Онда Атабаевтың бала кезінен бастап өнердегі жолы, қайраткерлік ісінен бастап Германияға қоныс аударуы баяндалады.

Фильмде Болат Атабаевтың көзі тірісінде Қанат Тілеуханға берген сұқбаты мен театр жастарымен кездесуі көрсетіледі.

«Әртіссіз режиссер ешкім емес. Әртіс болмаса, сен нөлсің. Сені сахнаға алып шығатын әртіс. Сенің «позорыңды» әртіс шығарады. Сондықтан, жігіттер, жаспыз әрі алда демеңдер, өмір өтеді де кетеді. Қазірден бастап қайраткерлік деңгейге көтерілу керек. Өтірікті қою керек. «Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер» деген атақты алдың ба? Қайраткер бол!» – деп түйіндеген сөзін Атабаев театр жастарымен кездесу кезінде.

Бұдан бөлек, фильмде Атабаевтың жеке өмірі жайлы жақын достары мен қарындасы айтып берген. Оның Мадина Ералиевамен, балаларымен, немересімен қарым-қатынасы жайлы баяндалады.

Сондай-ақ оқыңыз