Тұман, жол тайғақ: ҚазАвтожол ескерту жасады

ҚазАвтожол бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасап, жүргізушілерді сақтандырды.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі және таңертеңгі уақыттарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарында тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
«Жүргізушілерден жолда аса мұқият болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және аса қажеттілік болмаса сапарға шықпауды сұраймыз», – делінген компания хабарламасында..
Бұдан бөлек, компания жүргізушілерді дөңгелектердің жай-күйіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Көктайғақ кезеңі басталғандықтан, көліктегі жаздық шинаны қыстыққа ауыстыруға ұсынған.
Компанияның жүрзушілерге арналған жол қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ, жолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы өзекті ақпаратты 1403 байланыс орталығынан білуге болады.