«Ақтөбенің» 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Ақтөбенің» 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса өмірден озды / фото: QJ league

«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы футболшысы Арон Мұса өмірден озды. Бұл туралы Freedom QJ League хабарлап, Арон Мұсаның мезгілсіз қазасына байланысты терең күйініш білдіріп, оның отбасына, жақындары мен командасына шын жүректен көңіл айтты.

Белгілі болғандай, Аронмен бірге әжесі мен немере ағасы газдан тұншығып қайтыс болды.

Freedom QJ League ұжымы ресми мәлімдемесінде:

«Арон Мұсаның мезгілсіз қазасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Ол дарынды, еңбекқор, болашағынан үміт күттірген жас футболшы еді. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл бол, Арон!» — деп жазды.

Жас спортшының қазасы ел футболы үшін орны толмас қаза болып отыр. Команда әріптестері мен бапкерлері оны жарық жүзді, мақсаты айқын, арманшыл бозбала ретінде еске алды.

Сондай-ақ оқыңыз