
Қазақстанда дүйсенбі, 13 қазан күні ауа райы тұрақсыз болмақ. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің солтүстігінде және шығысында қар аралас жаңбыр мен тұман, кей жерлерде көктайғақ болады.
Астанада күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы –5…–7°С, күндіз +3…+5°С шамасында.
Қостанай облысының батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі. Түнде –2…–7°С суық болса, күндіз +3…+8°С, оңтүстікте +13°С дейін жылынады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде 4–9 градус аяз, күндіз +5°С жылы. Павлодар облысында көктайғақ пен тұман байқалады. Түнде –10°С дейін суытады, күндіз 0…+2°С.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Кей жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде –6°С дейін суық, ал күндіз +5…+11°С жылы.
Ұлытау облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнгі температура –2…+7°С, күндіз +10…+19°С.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қар мен жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ пен тұман болады. Түнде –10°С дейін суық, күндіз +8°С дейін жылынады.
Алматы облысында және Жетісу өңірінде түнде таулы аймақтарда қар жауады, күндіз жауын күтіледі. Алматы қаласында түнде аздаған жаңбыр, күндіз +20…+22°С жылы. Қонаев пен Талдықорғанда да жауын-шашынсыз, күн жылы болады — +17…+21°С.
Оңтүстік өңірлерде күн жылы. Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында түнде +7…+13°С, күндіз +20…+25°С. Шымкент пен Түркістанда бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндіз +22…+24°С.
Батыс өңірлерде де жылы ауа райы күтіледі. Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, күндіз +20°С дейін жылы. Атырау мен Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, кей жерлерде жаңбыр жауады. Ақтауда күндіз +21…+23°С.
Ақтөбе облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Күндіз ауа температурасы +17°С дейін жетеді.