«Қайрат» – «Пафос» матчының билеттері сатылымға шықты
Жарияланды

21 қазан күні Алматының Орталық стадионында Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» – «Пафос» кездесуі өтеді. Ойын сағат 21:45-те басталады.
Fredoom Ticketon мәліметінше, матч билеттері бүгін 13 қазан күні 12:30-дан бастап сатылымға шығады. Жанкүйерлер билеттерді Freedom SuperApp және Kairat SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып ала алады.
Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы биыл Чемпиондар лигасында алғаш рет өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін Лисабондық «Спортингпен» және «Реал Мадрид» командаларымен ойнап үлгерді.