Оқушылардың күзгі каникулы қашан басталады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқушылар үшін күзгі каникул қашан басталады / фото: shuttertock

Қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанды аяқтап, күзгі демалысқа шығады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, каникул биыл 2025 жылдың 25 қазанында басталып, 2 қарашаға дейін созылады.

Бірінші тоқсанның оқу мерзімі – 8 апта. Балалар 25 қазанға дейін сабақ оқиды, ал демалыс ресми түрде 27 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталады.

Айта кетейік, 25 қазан Республика күні мерекесі биыл сенбіге түседі, сондықтан демалыс дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылады.

Сондай-ақ оқыңыз