
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македония командасымен кездеседі. Ойын 13 қазаннан 14 қазанға қараған түні Скопье қаласында өтеді.
Матчтың тікелей трансляциясы 23:45-те Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
Қазір Қазақстан құрамасы алты ойыннан кейін, 6 ұпай жинап, J тобының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Алдыңғы кездесуде қазақстандықтар Астанада Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Бұл Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі екінші жеңісі. Бұған дейінгі алғашқы үш ұпай да Лихтенштейнмен өткен сырттағы кездесуде (2:0) тіркелген болатын.
Ал Солтүстік Македония құрамасы өз тобында көш бастап келеді. 6 ойында 12 ұпай жинаған. Соңғы матчта македондықтар сенсациялық нәтиже көрсетіп, Бельгия құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті.