Елде жемқорлықпен ұсталғандардың шамамен 20%-ы – полицейлер

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөз

Соңғы алты жылда Қазақстанда тіркелген жемқорлық қылмыстарының шамамен 20 пайызы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тиесілі. Бұл туралы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бері елде 5 098 адам жемқорлық қылмысы үшін ұсталған. Соның ішінде 1 018-і полиция қызметкері.

Әр жылдағы деректерді тарқататын болсақ:

  • 2020 жылы – 988 жемқордың 210-ы полиция қызметкері (21,3%),
  • 2021 жылы – 858 адамның 192-сі (22,4%),
  • 2022 жылы – 813 адамның 165-і (20,3%),
  • 2023 жылы – 843 адамның 193-і (22,9%),
  • 2024 жылы – 993 адамның 148-і (14,9%),
  • 2025 жылдың 9 айында – 603 адамның 110-ы (18,2%).

Бірақ осы деректерге қарамастан, полицейлерге сенім артып келеді дейді Имашева.

«Социологиялық сауалнамалар полицияға деген сенімнің артқанын көрсетеді, бірақ өсім шамалы. Азаматтардың шамамен 63%-ы полицияға сенетінін айтқан, қалғандары ішінара сенеді немесе мүлде сенбейді», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз