Ұшатын қытай көліктері ауқатты арабтарды тасиды

Aridge қытай компаниясы 12 қазан күні Дубайда ұшатын көліктерін таныстырды. Қазірдің өзінде Таяу Шығыстағы елдер 600 ұшатын таксиге тапсырыс беріп үлгерді. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Ali & Sons Group (БАӘ), Almana (Қатар), AlSayer (Кувейт) және Қытай-араб сауда палатасы ұшатын көліктерге алдын ала тапсырыс берді. Қытай компаниясы 7 мыңнан аса әуе таксиіне тапсырыс алып үлгерген.
Aridge ұшатын автомобилі джойстикпен басқарылады. Оған автоматтты ұшу жүйесі орнатылған. Мұндай көлік қытай нарығында кем дегенде 270 мың доллар тұрады.
«Аппарат кез келген қарапайым адам басқаратындай, сатып ала алатындай етіп дайындалған. Оны басқару үшін кәсіби ұшқыш болудың қажеті жоқ», – дейді Aridge вице-президенті Майкл Чао Ду.
Aridge – XPENG қытай компаниясының бөлімі. Биыл қыркүйекте Біріккен Араб Әмірліктерінінің билігі компанияға көліктердің ел аумағында ұшуына рұқсат берді. Ал жексенбі күні Дубайда алғашқы әуе таксиі таныстырылды.
«Ұшатын автомобиль – болашақтың көлігі. Осындай компаниялар нарыққа көбірек шықса, бағасы да түседі деп үміттенеміз», – дейді Дубай азаматтық авиация басқармасының өкілі Әли әл-Блуши.
Компанияның хабарлауынша, Қытайдағы зауыт жылына 10 мың ұшатын көлік шығара бастады. Олар саудағы 2027 жылы түседі.