
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан самокат жүргізушілеріне қатысты шектеу шаралары жаңа жылға дейін енгізілуі мүмкін екенін айтты.
Қазақстанда электросамокат иелеріне қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесі тағы да көтерілді. Қазіргі уақытта мәжілісте олардың тротуармен жүруіне тыйым салуды көздейтін түзетулер талқыланып жатыр.
«Бұл мәселе мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр. Президент те өз Жолдауында бұл мәселеге назар аударған болатын. Көпшілік депутаттардың пікірі бір арнада тоғысқандықтан, шектеу шаралары жаңа жылға дейін қабылдануы мүмкін», – деді Абзал Құспан.
Еске салайық, осыған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха да елде электрсамокат жүргізушілеріне тротуармен жүруге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін деген еді.
Сондай-ақ Epetition.kz сайтында электросамокаттарға тыйым салуға қарсы петиция жарияланған болатын.