ChatGPT әзірлеушісі OpenAI өз ЖИ чиптерін шығара бастайды

Америкалық OpenAI Broadcom Inc компаниясымен бірігіп, жасанды интеллект (ЖИ) чиптерін өндіруді бастамақ. Бұл туралы техноалпауыттың өзі хабарлады.
«Өз чиптері мен жүйелерін жасау арқылы OpenAI алдыңғы қатарлы модельдер мен өнімдерді әзірлеу кезінде жинаған тәжірибесін тікелей жабдыққа енгізе алады», – деп жазылған компания таратқан хабарламада.
OpenAI шешімдер ұсынады, ал Broadcom оның технологиясын жасайды. Екі компанияның бірлескен әзірлемелері OpenAI деректерді өңдеу орталықтарында да, серіктес дата-орталықтарда да қолданылмақ.
Broadcom OpenAI-дің ЖИ-акселераторлары мен желілік жүйелері бар жабдықтарды 2026 жылдың екінші жартысында қолданысқа енгізіп бастайды. Бұл үдерісті 2029 жылдың соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін OpenAI негізінен NVIDIA компаниясының графикалық процессорларын (GPU) пайдаланған еді. Broadcom-мен серіктестік NVIDIA-ға тәуелділіктен азат етіп, сондай-ақ шығын мен энергия тұтынуды қысқартуға мүмкіндік береді.