Жаңалықтар

Қоғамдық көлік жолақысы 500 теңге бола ма: қаржы вице-министрі жауап берді

Пьяный мужчина напал на 12-летнюю школьницу в автобусе Петропавловска
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қоғамдық көлік жолақысын 500 теңгеге дейін қымбаттату туралы пікірге қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, мемлекет жолақының күрт өсуіне жол бермейді және қажет болған жағдайда халыққа қолдау көрсетеді.

Біржанов сарапшының пікірін жеке көзқарас ретінде қабылдау керектігін жеткізді.

«Қоғамдық көлік – халықтың негізгі қажеттілігінің бірі. Сондықтан мемлекет бағаның күрт өсуіне жол бермейді және қажет болған жағдайда халыққа қолдау көрсетеді», – деді ол.

Алайда Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бағаның өсуіне экономикалық алғышарттар, мысалы, жанармай мен қызмет көрсету құнының артуы әсер етуі мүмкін екенін, бірақ тарифті көтеру – әр компанияның коммерциялық шешімі екенін айтты.

Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Астана мен Алматыдағы автобус билеті 500 теңге болуы тиіс деген пікір айтқан. Сарапшы қазіргі 110–120 теңгелік тариф тасымалдаушылардың шығынын жаппайтынын мәлімдеген.

Үкімет өкілдері сарапшының бұл пікірін жеке көзқарас ретінде бағалап, жолақының жақын уақытта күрт қымбаттамайтынын мәлімдеді.