Жаңалықтар

Ұлттық қордан қаржы алу шектеледі: 2026 жылы бюджет тапшылығы салық есебінен жабылады

Фото: shutterstock және freepik

Алдағы үш жылдық республикалық бюджет жоспарына сәйкес, 2026-2028 жылдары Ұлтты қордан нысаналы трансферт алмайды. Тек жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт бөлінбек.

Кейінгі жылдары Ұлтты қордан кемі 4-5 трлн теңге шығарып келген үкімет алдағы жылдары бюджет тапшылығын қалай жабады? Мәселен биыл қордан 2 трлн теңге – кепілдендірілген, 3,25 трлн теңге кепілдендірілген трансферт алынады.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, келер жылы бюжет экономикалық өсім мен салықтың артуы есебінен толығады.

«Біріншіден, 2025 жылмен салыстырғанда келер жылы макроэкономикалық өсім есебінен бюджетке қосымша 1,5 трлн теңге түсуі керек. Екіншіден салық мөшерлеменің көтерілуі есебінен қазына 3,5 трлн теңгеге толығады. Олар: қосылған құн салығы, корпоративті табыс салығы және акциздерге салынатын салық, Оған қоса бірқатар салық жеңілдігін алып тастаймыз», – деді вице-министр.

2026 жылы республикалық бюджетке 22,8 трлн теңген түсіп, шығыны 27,3 трлн теңгені құрайды деп жоспарланған.