Қазақстанның үш облысында өндіріс көлемі төмендеп кеткен
Жарияланды

Бүгін Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар–қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, еліміздің үш облысында өндіріс көлемі азайған.
«Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 6,2%-ға өсті. Алайда қаңтар–тамыз айларымен салыстырғанда өсім қарқыны 0,3 пайыздық тармаққа баяулады. Өсу 17 өңірде тіркелді. Ең жоғары өсім Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент пен Алматы қалаларында байқалды. Ал өндірістің төмендеуі Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Ақмола облыстарында тіркелді», – деді Әмрин.