Ұлтаралық алауыздық қоздырды деп айыпталған блогер түрмеде Құран оқығанын айтты

Қарағандыда ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталған блогер және модель Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша сот отырысы өтті.
«Қарағанды онлайн» басылымының хабарлауынша, сотталушы кінәсін толық мойындап, қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған сөздері үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған.
Мұхамадиеваның айтуынша, жазбаларды жариялаған кезде ол эмоционалды күйзелісте болған. Ол оқиға қарсаңында апатқа ұшырағанын және әжесі қайтыс болғанан кейін күйзеліске тап болғанын айтты.
Блогер қамауға алынғаннан бері 86 күн өткенін және осы уақыт ішінде кішкентай қызын көрмегенін айтты. Сондай-ақ, сотталушы тергеу изоляторында болған кезде Құранды оқи бастағанын айтты. Оған жанында бірге болған тағы бір сотталушы Құран оқуды үйреткен.
«Ол маған Құран сыйлады, дін туралы айтты. Мен жасағаным үшін ұяламын, бірақ мен осы адамды кездестіргеніме қуаныштымын», — деп мойындады Мұхамадиева.
Қыздың адвокаты Тимур Солодуха оның жас баласы бар екенін ескеріп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрайтынын айтты. Келесі сот процесі 17 қазанда болады.
Айта кетейік, бұған дейін Мұхамадиева Threads әлеуметтік желісінде қазақтар мен мұсылмандарға қатысты теріс пікірлер жазғаннан кейін танымал болған. Оның жазбалары көпшіліктің ашуын тудырып, көп ұзамай блогер елден қашпақ болған кезде ұсталған.