Қазақстандағы ірі банктер ипотека беруді уақытша тоқтатты

Жарияланды 14 Қазан 2025 19:29

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Святослав Антонов

Святослав Антонов

Қазақстандағы ірі банктер ипотека беруді тоқтатты / Жасанды интеллект көмегімен жасалған

«Курсив» ипотека беретін елдің ірі банктеріне сауал жолдады. Бізге келген ақпаратқа сәйкес, елдегі екі банк қана ипотека беруді жалғастырып келеді. Дәлірек айтқанда, Freedom BANK пен Отбасы Банктен ғана ипотека алуға болады. Өзге банктер базалық мөлшерлеме 18%-ға дейін көтерілгеннен кейін ипотека беруді тоқтатты.

Halyk Bank баспасөз қызметі стандартты ипотека бойынша өтінімдерді (банктің барлық ипотекалық бағдарламалары бойынша) қабылдауды уақытша тоқтатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта банк тұрғын үйді несиелендірудің баламалы бағдарламаларын іске қосуды дайындауда. Банк өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы қосымша хабарлауға уәде берілді.

ForteBank базалық мөлшерлеменің өсуі әсерінен пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарауға байланысты жаңа ипотекалық несие беруді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Жаңартылған ережелер зерттеулер аяқталғаннан кейін жария болады.

Тұрғын үй жинақтары мен пайызы төмен ставкалар бойынша ипотека беруге маманданған Отбасы банкінде ипотека беру тоқтамаған және ставкалардың мөлшері өзгермеген.

ЦентрКредит банкінде мемлекеттік бағдарламаларды қоса алғанда, ипотекалық қарыздарды қаржыландыру жалғасатынын хабарлады.

«Базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін техникалық өзгерістерге байланысты өтінімдерді уақытша қабылдау шектелді, бірақ қазір жұмыс қайта басталды», – делінген ЦКБ жауабында.

Банкте базалық мөлшерлеменің өсуі шектеудің себебі емес екенін атап өтті. Алайда реттеушінің ЖЭС есептеуге қойылатын жаңа талаптары борыштық жүктеме коэффициентіне әсер етеді: егер ол тым жоғары болса, өтінім қабылданбауы мүмкін.

Еліміздің ірі банктерінің ішінде Kaspi Bank және Alatau City Bank-тің ипотекалық бағдарламалары жоқ. Bereke Bank және Еуразиялық банкте ипотекалық бағдарламалар бұрын тоқтағанын хабарлады.

Freedom Bank қолданыстағы сыйақы мөлшерлемелері бойынша ипотекалық қарыздар беретіндерін айтты. Алайда ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің жылдық 18%-ға дейін өсуіне байланысты банк «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын қоспағанда, барлық бағдарламалар бойынша мөлшерлемелерді ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Бұл ретте ставкалар деңгейі ГЭСВ реттеушілері белгілеген мөлшерден аспайды (жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері). Жақын арада ипотекалық кредиттеу бойынша жаңартылған ставкаларды Банк бекітіп, сайтта жария етеді. Банкте бірнеше ипотекалық бағдарламалар бар: яғни каскадты ипотека, стандартты бағдарлама және мемлекеттік «7-20-25».

Ипотеканы тоқтата тұру туралы шешімді Нұрбанкте де хабарлады.

Айта кетейік осыған дейін базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты ипотекалық бағдарламалардың тоқтауы жайлы сарапшылар пікірін ұсынғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз