
2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында елдегі сауда айналымы 52,8 трлн теңгеге жетті. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға жоғары көрсеткіш деп хабарлайды және интеграция министрлігінен
Сауда өсіміне ең көп үлес қосқан өңірлер – Алматы, Астана, Шымкент қалалары, сондай-ақ Атырау мен Қарағанды облыстары. Осы бес өңірдің үлесіне елдегі жалпы сауда көлемінің 71,3%-ы (37,6 трлн теңге) тиесілі.
Сала құрылымында көтерме сауда үлесі 66,4%, оның көлемі 35 трлн теңгеден асты, ал бөлшек сауда айналымы 17,5 трлн теңгеге жетіп, 2,6 трлн теңгеге артты.
Электронды сауда негізгі драйверлердің бірі болып отыр. Онлайн сатылым көлемі 2,7 трлн теңге, бұл былтырғыдан 14%-ға көп.
Министрліктің мәліметінше, сауда өсімін қолдау, электрондық коммерцияны дамыту және тауар айналымының ашықтығын арттыру бағытында жүйелі шаралар жалғасып жатыр.