Тоқаевтың жаңа кеңесшісі тағайындалды

Алексей Цой Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Алексей Цой 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын бітіріп, дәрігер мамандығын алған. 2007 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заң факультетін тәмамдап, заңгер мамандығын иеленген.
Еңбек жолын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми медициналық орталығында» хирург-эндоскопист болып бастады.
«GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясының Астана қаласы бойынша аймақтық даму менеджері қызметін атқарды.
2007 жылдан бастап Президент Іс басқармасы жүйесіндегі медициналық технологияларды енгізу орталығында жетекші ғылыми қызметкер, кейін директор болды.
2010–2011 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болды.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы лауазымында қызмет істеді.