
Chery жаңа флагмандық Fulwin T11 жол талғамайтын көлігіне алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады. Бұл гибрид өлшемі жағынан Li Auto (LiXiang) L9 моделіне жақын және салоны да соған ұқсайды. Кроссовер төрт түрлі жинақтамада ұсынылады. Бағасы 200 мың юаньнан басталып, жоғарғы нұсқасы 265 мың юаньға дейін жетеді (шамамен 15,1–20 млн теңге).
Carnewschina мәліметінше, Fulwin T11 Chery-дің дәстүрлі дизайн стилінен ауытқымайды. Жол тағамайтын көліктің өлшемдеріне келер болсақ, ұзындығы — 5205 мм, ені — 1998 мм, биіктігі — 1800 мм, ал доңғалақ базасы — 3120 мм. Радиатор торы жабық, тік сызықтармен безендірілген. Астыңғы жағында енін түгел қамтыған ауа тартқыш орналасқан, ал оның шетінде жіңішке жарықдиодты шамдар бар. Дөңгелектері — 21 дюймдік көп спицалы дискілер. Кузовтың алты түсі қолжетімді: «Aurora Green», «Cloud Blue», «Moon Shadow Grey», «Ink Black», «Sand Gold» және «Rouge Red». Соңғы екеуі ақылы қосымша опция ретінде ұсынылады

Интерьері
Салонда шағын цифрлық аспаптар панелімен және алып мультимедиа экраны бірден көзге түседі. Көңіл көтеру жүйесінің дисплейі 30 дюймді құрайды, экраны оң жақ шетіне дейін созылған. Артқы қатардағы жолаушылар үшін 17,3 дюймдік жеке экран орнатылған. Екінші қатардағы орындықтар 14 бағытта реттеледі. Ал топтық жинақтамада бұл орындықтар жылыту, желдету және массаж функцияларымен жабдықталған. Негізгі жинақтаманың өзінде-ақ 11 қауіпсіздік жастығы қарастырылған.

Қауіпсіздік үшін не қарастарылырған
Fulwin T11 көлігінде толық шолу жүйесі мен проекциялық экран бар. Жоғары жинақтамаларда жүргізушіге Falcon 700 жүйесі көмектессе, бастапқы нұсқаларда Falcon 500 жүйесі орнатылған. Жолдағы жағдайды бақылау үшін 27 түрлі сенсор, оның ішінде лидар, деректер жинап, жүргізушіге көмек көрсетеді. Барлық жинақтамаларда Boyar Sound аудиожүйесі (23 динамикпен), 256 түсті атмосфералық жарық, сымсыз телефон қуаттау құрылғысы, үш аймақты климат-бақылау, 360 градусқа дейінгі камералар және AEB төтенше тежеу жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ T11 көлігі 9,2 литрлік жылыту функциясы бар тоңазытқышпен, ауаны хош иістендіру жүйесімен, рөлді жылыту жүйесімен және екінші мен үшінші қатар терезелерінің күңгірт әйнектерімен жабдықталған.

Техникалық артықшылықтары
Fulwin T11 капотының астында ұзартылған жүріс қоры бар 1,5 литрлік турбодвигатель орнатылған. Ол конфигурацияға байланысты бір немесе екі электрқозғалтқышпен жұмыс істей алады. Артқы жетекпен жабдықталған нұсқасы 195 кВт қуат өндіреді және 0-ден 100 км/сағ дейін 9,3 секундта жетеді. Ал толық жетекпен жабдықталған модельдің жиынтық қуаты 345 кВт, ал айналу моменті – 634 Н·м, бұл оның 5,4 секундта жүздікке жетуіне мүмкіндік береді. Екі нұсқада да литий-темір-фосфатты аккумуляторлар қолданылады. Артқы жетекпен жүрген нұсқасының батарея сыйымдылығы – 33,68 кВт·сағ, ал толық жетектікі – 39,92 кВт·сағ. Тек электр қуатымен жүретін қашықтық CLTC циклі бойынша 220 км-ге дейін жетеді. Chery компаниясы толық бакпен және толық қуатпен жүріс қорын 1400 км деп көрсетіп отыр. Ал қуатты 30%-дан 80%-ға дейін қуаттау небәрі 20 минутты алады.
Chery Fulwin T11 Қытай ішкі нарығында Deepal S09 мен Lynk & Co 900 сияқты бестселлерлермен бәсекеге түседі деп күтілуде. Сондай-ақ ол Li Auto шығарған танымал LiXiang L9 моделінің орнын тарылтуы мүмкін.