Жаңалықтар

Алматыда New Vision Forum 2025 өтті

Фото: CEO New Vision

9-11 қазан аралығында әлемдік және жергілікті көшбасшылар бизнес, технология мен мәдениет болашағы туралы сөйлескен, ал сахна сыртында нақты келісімдер жасалған ісшара — New Vision Forum 2025 өтті. 

Барлығы — 20+ елден 5000+ қатысушы, 50+ компания-экспонент, ондаған сессиялар, воркшоптар мен питчтер. 

Фото: CEO New Vision

Форумның ресми ашылуы аясында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ісшараның негізгі спикерлерінің бірі — Priceline.com/Booking.com, uBid.com компанияларының негізін қалаушы, инвестор және жаһандық кәсіпкер Джефф Хоффманмен кездесті. 

Джефф Хоффман. Фото: CEO New Vision

Әңгіме барысында тараптар Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту және Алматыны өңірлік бизнес-хаб ретінде қалыптастыру мәселелерін талқылады. Сөз бизнес ауқымын кеңейту мен халықаралық нарықтарға шығу, компаниялардың өсуін жеделдету үшін заманауи технологияларды енгізу, жаңа буын кәсіпкерлерінде көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ инновациялық экожүйе құру мен Алматыға инвестиция тарту жайлы болды. 

Форумның маңызды нәтижелерінің бірі — креативті индустрияларды: кино мен анимация, музыка, дизайн, ойындар, цифрлы контент пен сәулетті дамытуға бағытталған Creative Capital Fund қалалық тікелей инвестициялар қорын құру туралы келісімге қол қою болды. 

Creative Capital Fund-тың бастапқы капитализациясы 21 млрд теңгені ($40 млн) құрайды. Оның ішінде 10 млрд теңге қалалық бюджеттен бөлінеді, тағы 11 млрд теңге инвесторлардан, оның ішінде шетелдік инвесторлардан түседі. 

«Алматы креативті индустрияның жетекші орталығы мәртебесін сақтап келеді… Қордың іске қосылуы қалалық экономикаға серпін беріп, Алматының елдің қаржылық және іскерлік орталығы ретіндегі рөлін толықтырады», — деп Алматы әкімі Дархан Сатыбалды атап өтті.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды. Фото: CEO New Vision

Республика Сарайы, «Қазақстан» және Novotel қонақ үйлерінің залдарында

  • Робин Шарма (көшбасшылық бойынша бестселлерлер авторы),
  • Джефф Хоффман (кәсіпкер және инвестор; Priceline/Booking негізін қалаушы, uBid.com негізін қалаушылардың бірі),
  • Трип Хокинс (Electronic Arts негізін қалаушы),
  • Ури Левин (Waze негізін қалаушы),
  • Макс Ховард (продюсер, Disney/Warner-дың бұрынғы топ-менеджері)

және басқалар сөз сөйледі.

Макс Ховард. Фото: CEO New Vision

Оларға қазақстандық кәсіпкерлер мен басқарушылар қосылды:

  • Айдын Рахимбаев (BI Group),
  • Қанат Көпбаев (Kusto),
  • Нұрлан Смағұлов (Astana Group),
  • Арсен Томский (inDrive),
  • Гаухар Қаппарова (G&G),
  • Самат Даумов (GRATA International серіктесі, MYD компаниясының тең иесі)

және басқалар.

Арсен Томский. Фото: CEO New Vision

 «Біз білімге сенеміз және білім — серіктестікке апарар ең жақсы көпір деп есептейміз. Біз визит карталар ынтымақтастыққа айналатын, ал адамдар тек шабыттанып қана қоймай, келісімдер мен өсу картасын алып кететін орынды саналы түрде құрдық», — деді New Vision негізін қалаушы және CEO-сы Мақсат Құрбенов. 

New Vision негізін қалаушы және CEO-сы Мақсат Құрбенов. Фото: CEO New Vision

Негізгі бағдарламамен қатар үш күн бойы компаниялардың өсуі мен трансформациясына арналған шешімдер көрмесі — New Vision Expo үлкен қызығушылық тудырды, ол форумның практикалық өзегі және «бизнес қаласы» болды.

Нұрлан Смағұлов. Фото: CEO New Vision.

Бір алаңда — 50+ экспонент, олардың қатарында Bereke Bank, N1 Broker, BI GROUP, Lancaster Group, Kusto Home, BCC Invest, Eurasia Motors, «ЭмирМед» клиникасы, RS Group, IC GROUP, Burkit Finance, Q Group, TAS FINANCE GROUP, NurBank, Freedom Telecom, Invictus, Meloman және басқа да жетекші компаниялар. 

Джулиан Трежер. Фото: CEO New Vision.

Көрме компания иелері мен топ-менеджерлерден бастап, өнім мен маркетинг директорларына, инвесторлар мен мемлекеттік сектор өкілдеріне дейін, қаржы мен IT, білім беру, медицина, телеком/ритейл мен b2b-сервистер саласындағы көшбасшылар мен командалар үшін тартылыс нүктесіне айналды. 

Қанат Көпбаев. Фото: пресс-служба CEO New Vision.

Форумды ұйымдастырушылар — Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Nobel Fest платформасы мен YPO Kazakhstan. 

Форумның бас серіктесі және банкі — Bereke Bank, стратегиялық серіктесі — BI Group холдингі, ресми әуе тасымалдаушысы — Air Astana, ресми серіктестері — N1 Broker, халықаралық Lancaster Group холдингі, Kusto Group холдингі, Diamond атты премиум жобасы бар Kusto Home компаниясы, Genesis, Chatium брендтерімен Astana Motors, MYD production, Q Group және Kinopark кинотеатрлар желісі, медиасеріктестері — Forbes Kazakhstan, Tan media group, КТК телеарнасы және Sport +.