Астанадағы құрылыс алаңында жасөспірім қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жасөспірім 17 жаста болған/фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Астанаға нәпақа табуға барған жасөспірім қайтыс болды. Ақпаратты қала полициясының баспасөз қызметі растады.

Құрылыс алаңында жұмысшы болып істеген жасөспірім 17 жаста болған. 24 қыркүйекте құрылыс кезінде үстіне бетон плита құлаған.

«Қайғылы жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеріп, заттай дәлелдерді тәркіледі», – делінген ақпаратта.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Куәгерлер мен оқиғаны куәгерлерінен жауап алынып, құжаттар тәркіленді. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Абай облысы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы жол апатынан зардап шеккен тоғыз жастағы қыз қайтыс болды

Сондай-ақ оқыңыз