Депутат Ақтөбеде босанған оқушы жайлы: «мектепті де жауапқа тарту керек»

Мәжіліс депутаты Ирина Смиронова 14 жастағы оқушының босанғанына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ең алдымен, жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен ер адам жауапқа тартылуы керек.
Бұған дейін Ақтөбе облысы Ойыл ауылында 14 жастағы оқушының алпыстан асқан өгей нағашы атасынан жүкті болып қалғаны айтылды. Оқушының жүкті екенін туыстары да, мектеп қызметкерлері де білмеген.
«Мектеп те жауапқа тартылуы керек»
«Айналасындағы адамдардың қыздың жүкті екенін ажырата алмағанының өзі үлкен мәселе. Оқушы осындай жағдайда дене шынықтыру сабағына қатысып, жүгіріп жүрген. Ол өз құқығынан толық айырылған. Оның қоса зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Мектептен ешқандай қолдау көрмеген, ал мектеп оқушылардың жағдайын бақылауға міндетті», – дейді Смиронова.
Айтуынша, ең алдымен, қызға қатысты зорлық-зомбылық жасағандар жауап беруге тиіс.
«Қыздың бойындағы өзгерісті байқамаған мектеп те жауап беруге тиіс. Жыл басында барлық балаға профилактикалық медициналық тексеріс жүргізіледі. Ал бұл мектепте оның қалай өткенін білмеймін», – дейді депутат.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев келешекте жоғары сынып оқушылары акушер-гинекологтан ақыл-кеңес алу үшін жүгіне алатынын айтты.