
Қазақстандықтар 78 елге визасыз кіре алады. Сол арқылы Henley&Partners жариялаған паспорт индексінде 67-орынға тұрақтаған. Былтырғы жылмен салыстырғанда бір сатыға төмендеген, алайда визасыз кіруге болатын елдер саны өзгеріссіз қалды.
Ал көрші Қырғызстан 81-орында тұр, Өзбекстан 82-орынды місе тұтты.
Көшті Сингапур бастап тұр. Бұл елдің азаматтары 193 елге визасыз бара алады. Үштікке Оңтүстік Корея (190 ел), Жапония (189 ел) кірген.
Одан кейінгі орында 188 елге визасыз бара алатын Германия, Италия, Люксембург, Испания, Швейцария тұр.
АҚШ алғаш рет 12-орынға түсті, ал Ресей Федерациясы 51-орыннан 50-орынға көтерілген.
Бұған дейін Қазақстан төлқұжаты жаңа дизайнда шығатыны айтылды.
Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алатынын мына жерден көруге болады.