Жалақысы 129 мың теңгеге дейінгі азаматтар табыс салығын төлемейді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
2026 жылдан бастап кімдер табыс салығынан босатылады / Фото: kursiv.media архиві

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Салық кодексі бойынша жалақысы 129 мың теңгеден төмен қазақстандықтар жеке табыс салығын мүлде төлемейді. Бұл жайлы Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл тілшілердің сұрағына жауап бергенде айтты.

Депутаттың айтуынша, жаңа құжатта көпшілік біле бермейтін, бірақ халыққа тиімді шешімдер бар.

«Жаңа Салық кодексінің басты қағидасы – байлар көбірек, кедейлер азырақ төлеуі керек. Ең маңыздысы – салықтық шегерімдер 2,5 есе көбейді. Бұрын бұл шама 55 мың теңге болса, енді шамамен 129 мың теңгеге дейін өседі. Демек, жалақысы 129 мың теңгеге дейінгі адамдар табыс салығын мүлде төлемейді», – деді Еркін Әбіл.

Оның айтуынша, табысы жоғары азаматтар салықты өскен мөлшерге сәйкес төлейтін болады.

«Мысалы, егер айлығыңыз 200 мың теңге болса, салық тек 70 мың теңгеден есептеледі. Ал зейнетақы табыстары салықтан толығымен босатылады», – деп түсіндірді депутат.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте Ұлттық экономика министрлігі арнайы салық режимін қолданушылар тізімін талқылауға шығарды. 1111 кәсіп түрінің 795-і салық жеңілдігін пайдалана алмайды

Жаңа Салық кодексі күшіне енген соң, арнайы салық режимдерінің қатары қысқарады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа режим енгізілсе, шағын және орта бизнеске жеңілдетілген шарттар жасалады.

Сондай-ақ оқыңыз