13 жастағы қазақстандық шахматтан 2 дүркін Әлем чемпионы болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
13 жастағы қазақстандық шахматтан 2 жүркін Әлем чемпионы болды / Фото: Қазақстан Шахмат федерациясы

13 жастағы қазақстандық Марк Смирнов шахматтан 2 дүркін Әлем чемпионы болды. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы шахматтан әлем чемпионатының соңғы тур ойындары әлі жалғасып жатыр. Алайда 13 жастағы Марк Смирновты қазірдің өзінде құттықтауға болады – ол чемпион атанып үлгерген.

Айта кетейік, 2024 жылы Марк Смирнов 12 жасқа дейінгі санатта (U12) әлем чемпионы атанған еді. Биыл ол келесі жас санатына – 14 жасқа дейінгі топқа (U14) өтіп, тағы да өз шеберлігін дәлелдеді.

2025 жылғы жастар арасындағы шахматтан әлем чемпионатының (FIDE World Youth Chess Championships 2025) соңғы туры алдында Марк рейтинг фавориті саналатын қытайлық Цзян Хаочэньнен жарты ұпайға озып тұрған еді. Соңғы турда да ол тек жеңіске ойнап, қара тастармен ойнаған поляк Петр Бжезинаны 34-інші жүрісте жеңіп шықты.

Сонымен қатар, ол халықаралық шебер (IM) атағына қажетті екінші норманы орындады.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда өткен кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында да қазақстандықтар топ жарған.

Сондай-ақ оқыңыз