
Ақтөбе қаласында прокурорлар алаяқтықтың алдын алу үшін жасанды интеллекті бар роботты алғаш рет қолданды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлауынша, Keruen City сауда орталығында Тәртіп-Бекет атты робот іске қосылды.
«Жасанды интеллект технологиясы негізінде жасалған ақылды көмекші ойын түрінде тұрғындарға алаяқтардан қалай қорғану керектігін айтады. Жеке және банктік деректерді жария етпеу, күдікті сілтемелерді ашпау және ақпарат көздерін тексеру жолдарын көрсетеді», — деді ұйымдастырушылар.
Олардың айтуынша, мұндай қарым-қатынас форматы өте тиімді болған. Тұрғындар роботқа сұрақ қойып, қызығушылық жоғары болған.
Прокуратура тұрғындардың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру үшін осы кеңесшіні Ақтөбе облысы бойынша тасымалдауды жоспарлап отыр.