Қонаевта ер адам көпірден секіріп кеткен
Жарияланды

Қонаев қаласында ер адам Қапшағай су электр станциясындағы көпірден суға секіріп кеткен. Құтқарушылар оны судан аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Бүгін «112» желісіне Алматы – Өскемен автожолында, Қапшағай су электр станциясы маңында ер адамның көпірден суға секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті», – делінген ТЖМ ақпаратында.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психолог маманы және полиция қызметкерлері жедел жетіп, ер азаматпен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысқан. Алайда ер адам кенеттен суға секіріп кеткен.
Оның артынан суға құтқарушылар түсіп, оны дер кезінде судан аман алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.