Жаңалықтар

Қазақстан Қытайға шошқа етін экспорттауға рұқсат алды

Қазақстан Қытайға шошқа етін экспорттауға рұқсат алды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайдың Бас кеден басқармасымен шошқа етін тексеру, карантин және қауіпсіздік талаптарын реттейтін келісімге қол қойды. Енді Қазақстан ҚХР-ға шошқа етін экспорттай алады, деп хабарлады Kursiv.Media.

Бұған дейін қазақстандық шошқа еті Қытай нарығына тасымалданбайтын, себебі кәсіпорындардың экспортқа рұқсаты болмаған. Жаңа құжат мұздатылған және салқындатылған етті ғана емес, сонымен қатар, ішек-құрылыс өнімдердің экспортына рұқсат береді.

Министрлік хаттамаға қол қою шошқа шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жаңа перспективалар туғызатынын атап өтті. Экспортты кеңейту кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайтуға және ауылдық аумақтардың дамуын қолдауға мүмкіндік береді.

«Хаттама – Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын дамытудағы және қазақстандық агроөнімдердің халықаралық нарыққа шығуын кеңейтудегі кезекті қадам», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Тараптар, сондай-ақ, инспекция және карантин мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.