
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, көрші үйде тұратын азамат екі баланы өрттен алып шыққан, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігің хабарлауынша, үйдің шатыры, жиһаздары мен мүлік өртеніп, үйдің ішінде 4 бала үлкендердің қарауынсыз қалған. 4 және 2 жастағы екі баланы көрші Дмитрий есімді азамат алып шыққан. Ол өз әрекетін жария етпеуді сұрап, оның орнында кез келген азамат осылай істейтінін айтқан.
«2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өздері үйден шығып, көмек сұрап көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов, бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді сыртқа алып шықты», – делінген хабарламада.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 45 шаршы метр аумақта ауыздықтады. Балалар медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.